Меню KDT

«Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын


21 қараша күні бастауыш сынып мұғалімі Касимова Райхан Баймурзовна 3 – 4 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным» атты интеллектуалды ойын өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ойын шартымен, кезеңдерімен таныс болды. 4 кезеңнен тұратын ойынға оқушылар бар ынтасымен, қызығушылықпен, жауапкершілікпен , ұйымшылдықпен ат салысты. Ойын барысында өздерін еркін ұстап, бар білімдерін көрсете білді. Ойын мазмұнды да тартымды өтті. Нәтижесінде, 1- ші орынды «Қазақтар» тобы , 2 – ші орынды «Бәйтерек» тобы иеленіп, Мақтау қағаздарымен марапатталды.



Комментариев нет
Просмотров: 349
Автор: b126skobilim
Сайт: www.b126.sko-bilim.kz
Добавлено: 03.12.2019 в 21:46