Меню KDT

Ұлының ұлылығын әлемге танытайық!


Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.

 Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған, Саумалкөл №1 орта мектебіңде «Абайдың қарасөздері мен өлеңдері» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Ең басты мақсатымыз –оқушылардың қазақ тіліне, ұлттық танымға  деген көзқарасын,  дүниетамын арттыру.

Байқауға  қатысқан  17  оқушы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, әндерін шырқады.   Сайыстың қорытындысы бойынша «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  оқушыларымыз жүлделі орындарға  ие болды.

Жақсының аты өлмейді. Абайдай дара да, дана ұлы бар қазақ халқы -  бақытты. Ұлының ұлылығын әлемге танытайық!
Қазақ тілі – Абай тілі. Оны терең оқып білейік! 

 

Акмарал Мукатова,

Саумалкөл №1орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 


Комментариев нет
Просмотров: 359
Автор: b0128skobilim
Сайт: saumalkolskaya1.edu.kz
Добавлено: 13.12.2019 в 22:17