№27 мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
№27 мектеп-лицейінде ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
2019 жыл ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бастамасымен «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған байланысты мектебіміздің қалалық, республикалық, халықаралық дәрежедегі олимпиадалар, спорттық жарыстардан орын алып жүрген оқушыларымыз салтанатты шерумен сахнаға шықты. Сонымен қатар, жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беруге ат салысқан бірқатар мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңы әсем әуендер мен биге ұласты. Барша қауымды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, жұртымызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Комментариев нет
Просмотров: 294