Меню KDT

«Бірінші гимназия» КММ «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын сабақта және сабақтан тыс уақытта зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дамыту» қалалық семинар


23 қаңтар  «Бірінші гимназия» КММ  төңірегінде «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын сабақта және сабақтан тыс уақытта  зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы дамыту» тақырыбында қалалық  семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын зерттеу және жоба жұмыстары арқылы тиімді оқыту және білім сапасын арттыру.
Семинарда  2«А»сынып (Минюхина И.А.), 4«В» сынып ( Москаленко Н.А.), 1 «Б» сынып (Коренева С.В.)  3 «А» (Ибрагимова М.В.) ашық сабақтар өткізді.
Семинардың 2 бөлімінде  табиғаттану пәнінен «Космос»  тақырыбы бойынша  1 «Г» сынып( Байдель Р.Р.), 2 «Б» сынып (Сургутская Н.Э.) , 3«В» сынып (Невзорова Н.Н.) панорамалық сабақтар өткізді.
Семинардың соңында гимназистердің жоба жұмыстары; «Зерде» ғылыми  жобаның облыстық сайсының жүлдегерлері  3 «Б» сынып оқушылары Тыщенко Алексейдің , Комлев Кириллдің  (мұғалімі Тимошина О.С.) және 4 «Б» сынып оқушысы Мусин Вадимнің (мұғалімі Ракова Е.В.) жоба жұмыстары көрсетілді.
Е.А. Медведева  «Табиғаттану» гимназиялық курсы сабақтарында оқушылардың шығармашылықтарын ұйымдастырудың әдістемелік принциптерімен бөлісті.Е.А. Белоусова заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып кері байланыс жүргізді.









Комментариев нет
Просмотров: 219
Автор: petropavl_skobilim
Сайт: www.petropavl.sko-bilim.kz
Добавлено: 24.01.2020 в 16:50