Меню KDT

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында «Заманауи тәсілдер, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелері» атты «Әдістемелік орталық» ұйымдастыруымен облыстық директорлардың тәрбие ісінің меңгерушілеріне дөңгелек үстел өтті.


⚜️Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында «Заманауи тәсілдер, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелері» атты «Әдістемелік орталық» ұйымдастыруымен облыстық директорлардың тәрбие ісінің меңгерушілеріне дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел білім беру мен тәрбие жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, оқыту құралдарын, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. Қазіргі таңдағы тәрбие берудің жаңаша әдістердің тиімділігі мен оларды жетілдіру жолдары туралы айтылды. Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Мектептегі тәрбие бағытын толықтыру мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы», «Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдары» туралы озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі іс-шараның қатысушыларына тәрбие ісін дамытуда жаңа идеяларды талқылауға, өзара әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.


Комментариев нет
Просмотров: 100
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 26.01.2024 в 16:18