Меню KDT

Шұғыл-тестілеуді өткізу алгоритмін тәжірибеден өткізу семинары

Шұғыл-тестілеуді өткізу алгоритмін тәжірибеден өткізу семинары




Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында осы мекеменің медицина қызметкерлері – эпидемиологтар, емдеу және алдын алу бөлімдерінің мамандары, достық кабинеттері мен сенім пункттерінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.        АИТВ-инфекциясына шұғыл тестілеудің өзекті мәселелері, ДДҰ ұсынған шұғыл-тесттің сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі, ҮТК әдісімен қаралды, қан алу кезінде медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі пысықталды.
Семинардың тәжірибелік бөлігінде қатысушылар екі командаға бөлініп, іс-әрекеттерге кезең-кезеңімен түсініктеме беріп, қателіктерге назар аудара отырып, қан алуды жүргізді.
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының диагностикалық зертханасының меңгерушісі М.Б. Жұматаева және сапа менеджері М.И. Темірғалина медициналық манипуляцияларды бақылап, түсініктеме берді. Семинар барысында жұмыс орнын дайындауға, реагенттердің жарамдылық мерзіміне, қорытындыларды қалай дұрыс оқуға, деректерді толтыруға және т. б. ерекше назар аударылды.
 


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: ocspidpavlodar
Сайт: ocspidpavlodar.agartu.kz
Добавлено: 28.03.2024 в 15:41