Меню KDT

Мектепішілік байқауы

«Ең үздік оқырман сынып».


    Сәуірдің 26-сы күні  мектебіміздің кітапханашыларының ұйымдастыруымен 23 сәуір -Дүниежүзілік кітап күні және «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында 7,8 сынып оқушылары арасында  «Ең үздік оқырман сынып»  атты байқау өтті.  
     Байқаудың мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту. Оқушылардың актерлік шеберліктерін шыңдау. Талантты жастардың шығармашылық, дарындылық қасиеттерін дамыту. Поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп  оқуға  дағдыландыру.
      Оқушылар Қ.Қайсеновтың "Жау тылындағы бала", М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", Р.Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне", М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" т.б шығармалардан көрініс көрсетіп, поэзия оқып көрермендерді тәнті етті.

Теги:  Жаңалықтар / Ата - аналар

Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: zhambylrmuratbaeva
Сайт: muratbaev.shu-bilim.edu.kz
Добавлено: 24.04.2023 в 15:26