Меню KDT

"Жаңа Қазақстан-таза табиғат" акциясы аясында кезекті сенбілік

"Жаңа Қазақстан-таза табиғат" акциясы аясында кезекті сенбілік


🌳🌳"Жаңа Қазақстан-таза табиғат" 🌳🌳акциясы аясында кезекті сенбілік өткізілді......
🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алғаны баршамызға мәлім. Бес аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы мектебіміздің қызметкерлері қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.
✅Республикалық акцияның мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
♻️Аталған акция аясында мектеп басшысы Данияр Дәнебекұлы ұстаздарды, кіші қызметкерлерді тазалық жұмыстарына қатысып, табиғат тазалығын қамтуға шақырды.
🖇️Бүгінгі сенбілікте мектебіміздің еріктілері мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, ағаштартың түбін әктеді.
🔷Алдағы уақытта осы акция аясында сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 12
Автор: malayaschzhandosova
Сайт: zhandosov.shu-bilim.kdt.kz
Добавлено: 23.04.2024 в 16:50