Меню KDT

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Бүгін, 2024 жылдың 4 сәуір күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде белгілі теолог, дінтанушы, психолог, "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлымен кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда Нұрлан имам жастар тәрбиесіне жіті тоқталып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы құндылығы, ата-ана тәрбиесі мен ұстаздардың тәлімі, әдеп, деструктивті діни ағымдардың зардабы, отаншылдық рух, патриотизм хақында келелі әңгімелер қозғап, жүздесуге келген балаларға салмақты ой тастады. «Жас ұрпақ тәрбиесі - ұлттың болашағы» атты іс-шарада жоғары сыныптың оқушылары сұрақтар қойып, еркін форматта дидарласты. Сондай-ақ жаһандану заманында ұлттық таным-түсінік пен сан ғасырлық тарихты сақтап қалу, замана көшінен қалмай, білімді де интеллектуалды ұлтқа айналудың маңызы, білімді болудың пайдасы туралы пайымды ойлар айтылды. Халық арасында есімі көпке танылып үлгерген қонағымыз кездесу соңында жастарға бірқатар ақыл-кеңесін айтты. Олар: бос уақытты тиімді өткізу, кітап оқу, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысу, спортпен шұғылдану және шығармашылыққа көңіл бөлу. Жасөспірім шақта тұлға ретінде дамуға көп көмегін тигізген бүгінгі жүздесуде балалар мейманмен естелік суретке түсіп, қонақкәде тарту етіп, күй арнап, жақсы көңіл күймен тарады.





Комментариев нет
Просмотров: 42
Автор: 40mektep
Сайт: 40mektep.edu.kz
Добавлено: 26.04.2024 в 18:34