Меню KDT

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды


Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы қабылданды.

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз.


Комментариев нет
Просмотров: 247
Автор: 10mektep
Сайт: 10.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.08.2020 в 12:00