Меню KDT

Семинар тренинг «Қашықтықтан оқыту ерекшеліктері»


26.09.2020 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Газиева Жанна Касенханқызы жас мамандармен «Қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Семинар тренингтің мақсаты қашықтықтан оқыту формасының жақсы жағымен және жас мамандарға қиындық тудырып жатқан тұстарын қарастыру. Сондай-ақ, жас мамандарға оқушыларды біліміне қарай бағалау, деңгейіне қарай тапсырма беру, әр түрлі оқыту платформаларын қалай дұрыс пайдалануға болатыны жайлы ақпараттар берілді. Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Қарлыға Мейрамовна, Сапарай Сапарбаевна,  Жанерке Есмұратқызы осы оқыту формасы бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Бүгінгі семинар-тренингтан жас мамандарымыз керек мағлұматтар алды деген ойдамыз. Алдағы еңбек жолында тек сәттіліктер тілейміз.

 


Комментариев нет
Просмотров: 285
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.09.2020 в 21:43