Меню KDT

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Баршаңызды Қазақстан халқы тілдер мерекесімен құттықтаймын!
1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алған болатын. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Ал 1998 жылдың 20 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды.  Бірақ 2017 жылдан бастап "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" үкіметтің қаулысына сәйкес Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын болды.
Оған себеп: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні болғандықтан 5 қыркүйекке ауыстырылған.


Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, өз ана тілімізді құрмет тұтып, болашақ ұрпағымызға өз ана тілінде ойлап, қазақ тілде сөйлеуді дәріптеу басты мақсатымыз. Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімнің оянуы,отанға деген жанашырлығы, тәрбиенің дұрыс дамуы ана тілден басталады. Сондықтан өз ана тілімізде сөйлеп, ана тілімізде қазақтың болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу мына біздің, сіздің міндетіміз.


Комментариев нет
Просмотров: 222
Автор: 52mektep
Сайт: www.52.astana-bilim.kz
Добавлено: 28.09.2020 в 12:09