Меню KDT

Еліміздегі ең жас ғалым «Қазақстандық атом электр стагциялары» ЖШС Бас директорынан сұхбат алды

Астана Халықаралық мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Айша Айтқали  «Қазақстандағы АЭС: үміт пен жауапкершілік» атты тақырыпта арнайы жобаны қолға алды.


Астана Халықаралық мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Айша Айтқали  «Қазақстандағы АЭС: үміт пен жауапкершілік» атты тақырыпта арнайы жобаны қолға алды.

Ондағы мақсаты - технология дамыған, жаңарған, инновациялық шешімдер тоғысқан заманда елімізге таза әрі тұрақты қуат көзін беретін атом электр станциясының жұмысын жан-жақты зерттеу.

Өзі бастауыш сыныптың оқушысы бола тұра, үлкен жауапкершілікті арқалаған Айшаның алдағы мақсаты да биік. Ол осы қолға алған жобасының артықшылықтары мен кемшіліктерін толыққанды зерттемек ниетте.

Осы мақсатта ол «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС арнайы келіп, компанияның Бас директоры Тимур Жантикинмен сұхбаттасты. Өзін қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Айша мұнымен тоқтамақ емес. Мектебінде өзі қатарлас оқушылар арасында АЭС-ке қатысты сауалнама жүргізеді.

Қорытындысын мектепшілік сайыста арнайы зерттеу жұмысы ретінде ұсынамын деп отыр.

Талабы таудай Айша Айтқалиға біз де өз тарапымыздан сәттілік тіледік.








Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: knpp.kz
Добавлено: 06.11.2024 в 18:36