Меню KDT
«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында жасөспірімдер арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған «Құрдасыңа қолдау көрсет: егер мұндай жағдай жаныңда орын алса» тақырыбында кездесу өткізілді. 👥✨ Іс-шараға мектеп парламентінің белсенді мүшелері, соның ішінде мектеп Президенті Илья Киселев қатысты. 💬🧩 Кездесу барысында білім алушылар буллингтің негізгі түрлерін, оның себептері мен салдарын талқылап, өмірлік жағдайларды қарастырды. Сондай-ақ құрдастары қатыгездікке немесе қорлауға тап болған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын талдады. 💙🙌 Кездесу барысында өзара қолдау көрсетудің, бейжай қалмаудың және дер кезінде көмекке келудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Өйткені кейде қарапайым жанашырлық пен қолдаудың өзі көп нәрсені өзгерте алады!
13.11.2026
«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясындағы онкүндік шеңберінде 2026 жылғы 12 қарашада білім алушыларға арналған «Қауіп-қатер мен қорлаусыз желідегі қарым-қатынас» атты цифрлық шеберхана өткізілді. 🌐💬 Шағын дәріс барысында білім алушылар цифрлық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, интернеттегі қарым-қатынасқа қатысты түрлі жағдайларды талдап, желідегі қорлау, қоқан-лоқы көрсету және кибербуллингтің ықтимал салдарын қарастырды. 🤝❤️ Іс-шара барысында цифрлық кеңістікте қауіпсіз әрі өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Өйткені әрбір адам шынайы өмірде де, интернетте де құрмет пен қорғауға лайық! 🔐✨
13.11.2026
14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні
13.11.2026
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің оқушылары Т.Марсаков 6 сынып, Дворская И. мен Григорьева Е. 8 сынып, Кривощёков А. 9 сынып, БӘД ұйымдастырушы педагог В.В.Колодиннің жетекшілігімен серіппелі-поршенді пневматикалық винтовкадан практикалық ату бойынша аудандық жарыстарға қатысты.
13.11.2026
Мектепте «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында «Жеке шекаралар» тақырыбында «Мен “жоқ” деп айтуға және көмек сұрауға құқылымын» атты практикум өткізілді. 📚 Сабақ барысында білім алушылар жеке шекаралардың бұзылуына қатысты түрлі жағдаяттарды талқылап, жағымсыз әрекеттерді ажыратуды, сенімді түрде бас тартуды және сенімді ересектерден көмек сұрауды үйренді. 🗣️🤝 🔐 Жеке қауіпсіздік, жеке ақпаратты қорғау, қысымға қарсы тұру және айналасындағылардың жеке шекараларын құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. ❤️ Әрбір бала қауіпсіздікке, құрметке және қорғалуға құқылы!
12.11.2026
10.11.2026 күні «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында «Түсіну және көмектесу» атты жағдаяттық зертхана өткізілді! 🔍 Сабақ барысында білім алушылар түрлі жағдаяттық тапсырмаларды талдап, жағдайларды саралауды, шешу жолдарын табуды, дұрыс шешім қабылдауды және айналасындағыларға қолдау көрсетуді үйренді. 🤝💡 🌱 Мұндай сабақтар сыни ойлауды, жауапкершілікті және өзара тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 👩‍🏫 Жауаптылар: тәлімгерлер Шпилевая П.Д. және Досаева А.А. 🌟
12.11.2026
"Қауыпсыздық сабақтары"
12.11.2026
Энергия — бұл тек жарық пен жылу емес, бұл біздің болашағымыз!
12.11.2026
«Менің қабілеттерім мен мүмкіндіктерім».
12.11.2026
11 қарашада үшінші сынып оқушылары С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма тетартында болды. 3-сынып мұғалімдері мен лицейшілері «Тентек Теке» спектаклі үшін режиссер мен әртістерге, сондай-ақ ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіреді.
12.11.2026
Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)
12.11.2026
Мықты отбасы - қоғамның негізі!
12.11.2026
Буллинг дегеніміз не?
12.11.2026
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де 5-8 сынып оқушылары «AI және менің сүйікті кітабым» атты эссе жазды.
12.11.2026
«Тоқсан би орта мектебі» КММ-де «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны шеңберінде интернеттегі қауіпсіз және жауапты қарым-қатынас мәселелеріне арналған «Қауіп-қатерсіз және қорлаусыз желіде сөйлесу» сандық шеберханасы жұмыс істеді.
12.11.2026
Тәрбиешілер Смола Т.В. және Сулимова К.А. мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізіп, «Менің «жоқ» деп айтуға және көмек сұрауға құқығым бар» бейнеролигін жасады.
12.11.2026

Найдено новостей: 73629. Показано с 1 по 16