«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп түлектері, ата-аналар және ұстаздар бірлесе отырып, петунья гүлдерін отырғызды. Сұлулық — қамқорлықтан басталады демекші, мектеп маңындағы клумбалар нағыз сәнге айналып, барлық оқушылар мен қонақтар үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын атмосфера қалыптастырды.
16.05.2025
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2025 жылғы 14 мамыр күні Петропавл қаласының ППО өкілдері – психолог Якимова О.И. және Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Завьялова Е.Н. 9-10 сынып қыздарымен «Бақыттың інжу-маржаны. Қалай сау әрі бақытты болуға болады?» тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, түрлі жағдайларда «жоқ» деп айтуды үйрену, кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қатысты құқықтық аспектілер тақырыптары қозғалды.
16.05.2025
12 мамыр күні біздің мектебімізде “Мен және менің отбасым» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатында «отбасы» сөзінің мағынасы мен әр адамның өміріндегі рөлі талқыланды. Оқушылар өз жақындары туралы әңгімелеп, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті, түрлі интерактивті тапсырмаларға қатысты: отбасы елтаңбасын құрастыру, отбасы туралы мақал-мәтелдер жазу, ата-аналары туралы мини-сауалнамалар толтыру. Сонымен қатар бейнероликтер мен презентациялар пайдаланылды.
16.05.2025
Найдено новостей: 72304. Показано с 5937 по 5952