Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу аясында "Пески орта мектебі" КММ әлеуметтік педагогі Т.Э. Мынбаев "Түнгі ауылдағы балалар" рейдтік іс-шарасын өткізді. Рейд барысында оқушылардың күн тәртібін бұзушылар, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын, темекі өнімдерін, насвай және электрондық темекілерді (вейптерді) пайдаланатындар анықталған жоқ. Мақсаты: жасөспірімдер қылмысының алдын алу , кәмелетке толмағандар және оларға қатысты қылмыстардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткіні, электрондық темекіні, насвайды, вейпті пайдалану, заңды өкілдерсіз түнде үйден тыс жерде болу фактілері; салауатты өмір салтын насихаттау.
17.06.2025
Жаздың алғашқы күндерімен бірге мектеп аумағында еңбек лагері «Рахат» қайта есігін ашты. Әр күні балалар уақыттарын пайдалы өткізуде: гүлзарларды баптап, гүлдерге су құйып, мектеп аумағын көркейтіп жатыр. Балалардың арқасында мектеп ауласы әрдайым таза әрі ұқыпты. Жұмыс аяқталғаннан кейін лагерь қатысушыларын дәстүрге айналған дәмді тегін ас — жаңа піскен тоқаш пен компот күтіп тұрады. Бұл ас ТОО “АЗКО ПЕСКИ” демеушілігімен ұйымдастырылған.
16.06.2025
Найдено новостей: 73845. Показано с 6977 по 6992