Функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдаяттарда білім, білік, дағдыны тиімді пайдалана білу қабілетін дамытуға бағытталған процесс. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазіргі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мектебімізде 2024 жылдың 09 -18 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері әріптестерімен «Оқу сауаттылығын дамыту» атты ашық сабақтар өткізіп, өз сабақтарында оқу сауаттылығы дағдыларын қалай дамытатынын анық көрсетті. Барлығы 19 сабақ ұсынылды, олар әртүрлі әдіс-тәсілдермен ерекшеленді.
20.12.2024
Суицидтік және девиантты мінез-құлықтың алдын алу мақсатында "№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені" КММ-де 5-11 сынып ата-аналарына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Уалиева Айгерим Файзуллаевна , педагог психолог Е.Д.Ивченко, әлеуметтік педагог Д. В. Коклемина, инспектор Ж.Т.Байдильдина сөз сөйледі. Жиналыс барысында стресске төзімділікті, эмоционалды тепе-теңдікті қалыптастыруға; балалармен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдеріне бағдарланған мәселелер көтерілді. Ата-аналарға баланың дамуы , бірлескен бос уақыты , сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамтылуы үшін сенімді жағдай мен қолайлы жағдай жасау туралы ұсыныстар берілді . Инспектор ОДН ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігі туралы айтып берді.
20.12.2024
13 желтоқсанда "Жас батыр" облыстық әскери-патриоттық тәрбие беру орталығының базасында СҚО және Петропавл қаласының жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыстан облыстық онлайн чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар қатарында-біздің оқушылар, "Алға" әскери-спорттық клубының тәрбиеленушілері: Подласов Кирилл, Семыкин Александр, Абубакирова Олеся, Саттар Сәкен, Налетов Александр!Балалар грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және жалпыкомандалық кубокпен марапатталды! Оқушыларымызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!
20.12.2024
Найдено новостей: 71538. Показано с 8481 по 8496