«Қазақтың жері, қазақтың елі» патриоттық ән байқауы
Астана қаласы № 45 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген патриоттық ән байқауы.
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. 22 жыл ішінде Тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтық қиын өткелдерден аман өтіп келеміз. Қазақстандық азаматтар үшін орны ерекше бұл мереке жылда білім ордасында жүрекжарды қуанышпен, Отанға деген махаббатпен, мақтанышпен аталып өтеді. Биылғы жылы 11 желтоқсан күні біздің мектебімізде келешек ұрпақтың санасына, жүрегіне көк байрағы желбіреген қазақ еліне деген сүйіспеншілігі мен ел болашағына деген зор сенімін ұялату мақсатында «Қазақтың жері, Қазақтың елі» атты патриоттық әндер байқау өтті. Байқауға қаланың мектептеріне оқушылар қатысты. Байқауға қатысушы өнерпаздар үнінен туған жерге деген ыстық ықыласы мен бал – бұл жанған жүздерінен шексіз ризашылығын байқадық.
Қалалық байқаудың құрметі қонақтары - Қазақстан Республикасы «Ауғаныстан Ардагерлері» республикалық қоғам бірлестігі төрағасы орынбасары, «Батыр» Республикалық қоғамдық – патриоттық журналдың бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы өкілі Ғалиев Ерсайын Ерназарұлы және Қазақстан Республикасы «Ауғаныстан Ардагерлері» республикалық қоғам бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары, «Айбын» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Нұр Отан» партиясы өкілі Жангелді Махашев мырза қатысып, әділ қазылар алқасында төрелік етті.
«Бас жүлде» иегері №24 орта мектеп оқушысы Маккаби Фариза, жүлделі І орынды № 7 МГ оқушысы Саттарова Дариға, ІІ орынды № 45 мектеп оқушысы Алтынбек Мақсат пен № 10 МГ оқушысы Жусупов Инсар иеленсе, жүлделі ІІІ орынды № 51 МГ оқушылары Алмасқызы Мереке мен Ерманов Ерзат, №53 МГ оқушысы Жумаказирова Медина иеленді. Байқау соңында оқушылар келген қонақтармен әңгімелесіп, пікірлесіп, ағалар алғысын алды. Іс-шараны ұйымдастырушы мұғалімдерге, Мұхтарова Гүлжайнар Қабділдақызына, Науразбаева Мадина Алтынбекқызына, Атағаожина Анар Әшиқызына ризашылығын білдіріп «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапаттады.
Комментариев нет
Просмотров: 135