
Тәуелсіздік күнімен құттықтау үшін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары келді
Астана қаласы әкімдігінің Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін Тәуелсіздік күнімен құттықтау үшін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары келді.
Астана қаласы әкімдігінің Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін Тәуелсіздік күнімен құттықтау үшін Қазақстан эстрадасының жұлдыздары – «Сарыарқа» тобы, Айжан Мұхамеджанова, «Адем-Ару» мен «Асыл мұра» би ұжымдары және иллюзионист Дилшод Рашидов келді.
Тәрбиеленушілер бір сағаттан астам Отан, ана және астанамыз тақырыбындағы қазақстандық композиторлардың әндеріне тамсана тыңдады. Би ұжымдары ұлттық және басқа да халықтардың билерін асқан шеберлікпен орындады.

Осы күні қонақтар балаларға махаббаты мен ең жылы тілектерін сыйға тартты. Өз кезегінде балалар да өз өнерін көрсетті және естелікке.
Астана қаласының «Отбасы үлгісіндегі балалар үйі» директоры Н.Б.Әбілдина келген қонақтар мен балаларды мерекемен құттықтап, балалар мен мекеме әкімшілігі атынан әртістерге алғысхаттарды табыстады.
Концерттен кейін балалар қонақтарымыз ұйымдастырған мерекелік түскі асқа барды.
Комментариев нет
Просмотров: 155