Меню KDT

01.09.13. «СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!»

Жаңа оқу жылы басталуының  ерекше бір әсерлі, оқушылар мен ұстаздар қауымын қуанышқа бөлейтін күні де келіп жетті.  Білім  күні мектебімізде  «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.


№58 мектеп- гимназиясының 1 қыркүйек 
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» 
атты салтанатты саптық жиынынан көрініс



Жүректері лүпілдеп, білім-ғылым үйренсем деген 260  жас бүлдіршін  мектеп табалдырығын аттады. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Өйткені жас оқушы бүлдіршіндер санының артуы мектебіміздің  алдыңғы қатардан көрініп, жас ұрпақты жаһандық  біліммен қаруландыру және  ұлттық тәрбие беруде орасан зор үлес қосуына мүмкіндік береді. Салтанатты жиын  мектеп директоры Умарова Алма Қайрбулатқызы  құттықтау сөзімен басталды. Ардагер - ұстаз  Өскенбаева Қапиза Ескендірқызы жас ұрпаққа білім жолында сәттілік, ұстаздарға табыс тіледі. Ата-аналар атынан 1 сынып оқушысының ата-анасы Нуртазина Қайыржан  сөз алып,  білім іргетасының бастауышта қаланатынын баса айтып, ұстаздарға мол сенім артатынын білдірді. Балалар мен жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында  сынып оқушыларын «Жас Ұлан» оқушылар  ұйымына қабылдау рәсімі де ерекше жағдайда өтті. «Жас Ұланның» жас мүшелері Президент пен мемлекет саясатын мектеп қабырғасындағы бастаушылары болып табылады.  Бүгінгі тәуелсіз еліміздің  жас азаматтары, еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар,  дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғалар   «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды.

Сөз кезегі мектебіміздің Ұланбасы 10 сынып оқушысы Джилкибаева Гауһарға берілді.Ол   өз сөзінде:  Еліміздің нағыз патриоты  -Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың келешек ұрпаққа   айтқан жалынды сөзінде: келешек қазақстандық–өзін-өзі жетілдірген және бәсекеге қабілетті тұлға болу керек. Болашақтағы қазақстандық –жоғары сыныпты маман, ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, әлеуметтік белсенді, мобильді, өзгерістерден қорықпайды. Мен, бұл сендердің замандарың деп үміттенемін. Сендер біздің халықтың үмітін ақтайтындықтарыңа сенемін»-дей келе, біз мектеп оқушылары елбасының зор үмітін ақтаймыз деген сенім білдірді.

Салтанатты жиын соныңда «Алғашқы қоңырау» соғу салтанаты 11 сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы,  «Алтын белгі» үміткері Боранбай Махаббат және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған  бүлдіршінге берілді. 

Мектеп оқушылары әннен шашу шашып, бимен көпшіліктіктің қөңілінен шыға білді.

«Алғашқы қоңырау!»  мерекесінің алғашқы сабағы патриоттық сабақпен  жалғасты.

 

Алғаш мектеп табалдырығын атаған бүлдіршіндер


Комментариев нет
Просмотров: 1153
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.01.2014 в 18:17