07.09.2013ж. Мектебімізде «Денсаулық Фестивалі 2013» тойлануы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік қолдауымен қазақстандықтар арасында оны әйгілендіру мақсатында 1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық өңірлерінде шынайы Денсаулық мерекесі болатын «Денсаулық Фестивалі» өткізілді.
Әрбір оқушының әр күн сайын белсенді болуға және спортпен айналысуға шақыратын «Денсаулық Фестивалі - 2013» ұраны: «Денсаулық қалыпта- жаттығуға рахмет!». Осы акция әртүрлі спорт түрлерінде өзін көрсетуге, салауатты өмір салты мәселелері бойынша мағлұматты көтермелеуге мүмкіндік береді. Аталмыш акция біздің де мектебімізде 02-07.09 аралығында ұйымдастырылып өткізілді.1-4 сыныптар арасында «Денсаулық әліппесі» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.2-4 сыныптар арасында «Көңілді мәре» эстафеталық жарыс өтті. 5-8 сыныптар арасында «Өз денсаулығыңа зиян келтірме» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.5-11 сыныптар арасында шахмат, шашкіден, тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. 07.09 күні мерекелік спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп алаңында денсаулық күніне байланысты үлкен іс-шара ұйымдастырылды.Оқушылар «Денсаулық шеңбері» кросс 400 метрге жүгіріп жарысты. Мектеп спорт алаңында 5-8 сынып ер балалары футбол ойнаса, қыз балалар «Халық добы» ойынын ойнады. Спорт залда 9-11 сынып ер балалары арасында волейбол, баскетбол ойнады.Үзілістерде дене шынықтыру минуттары өтті. Оқушылар дене жаттығуларын жасады.Кітапханада салауатты өмір салтына арналған көрме ұйымдастырылды.
Комментариев нет
Просмотров: 657