Астана қаласы, жалпы білім беру мекемелеріндегі технология пәні мұғалімдерінің қалалық семинарының қорытындысы
21 қаңтар айында №64 мектеп-лицейінде аттестациядан өтетін технология пәні мұғалімдерінің өз білімдерін көтеруге байланысты қалалық семинар өтті.
2014 жылы 21 қаңтар айында №64 мектеп-лицейінде аттестациядан өтетін технология пәні мұғалімдерінің өз білімдерін көтеруге байланысты қалалық семинар өтті. Семинарға Білім басқармасынан технология пәнінің әдіскері Ахметжанова Гульнара Габдушевна және қала мектептерінен 25 мұғалім қатысты. Семинар тақырыбы «Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі». Семинардың мақсаты: оқушыларды сәндік қолданбалы өнер арқылы тәрбиелеу, мұғалімдердің теориялық білім-біліктерін практикамен ұштастыру. Семинардың бағыттары бойынша оқушыларды сәндік қолданбалы өнер арқылы тәрбиелеу, тәжірибе алмасу шеберлік сынып сабақтары мен ашық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар «Ұлттық өнеріміз – біздің сенімді болашағымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Семинар барысында №38 мектеп-лицейі технология мұғалімі Алимсаева Роза Шәріпқызы «Түйіндеп кілем тоқу технологиясы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шеберлік сыныбының мұғалімдерге пайдалы мағлұматтар алуға әсері мол болды.
№50 мектеп-лицей мұғалімі Еркебекова Жұлдызай «Бұйым сызбасын жасау үшін өлшем алу» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізу барысында қамзолдың қазіргі заман талабына сай етіп, жаңа, әрі жеңіл тәсілдерін көрсетті. Семинарға қатысқан мұғалімдер сабаққа қызығушылығын танытып, мұғалім қамзолдың үлгісін қағазға түсіріп берді. Сабақ мақсатына жетті.
№64 мектеп-лицей мұғалімі Жұмабаева Күләш Мергенбайқызы «Сызу пәнінен графикалық білім сайысы» тақырыбында сызудан сыныптан тыс жұмыс өткізді. Сабақта оқушылар жұптық жұмыс барысында макет жасады. Мұғалім алға қойған мақсатына жетті. Ал содан соң «Сумоншақпен жұмыс істеудің негізгі әдістері» тақырыбында технология пәніне 9 сынып қыздарымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа, шеберлікке, әсемдікке баулығандығы байқалды. Сабақ нәтижесі жоғары бағаланды.
№64 мектеп-лицей мұғалімі Қожабекова Гаухар Ақбайзенқызы технологиядан «Жібек матаға сурет салу.
Батик технологиясы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Сабақ барысында №64 мектеп-лицей мұғалімі Қожабекова Гаухар Ақбайзенқызы технологиядан «Жібек матаға сурет салу. Батик технологиясы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді сонымен бірге, суретімен салынған жібек мата таратылып, мұғалімдерге жаттығу жұмысын жүргізу арқылы батик технологиясының әдіс-тәсілін үйретті.
Қорыта айтқанда, жалпы семинардың өтілуі өте жоғары деңгейде өтті. Қатысқан мұғалімдердің көңілінен шығып, көптеген тәжірибе жинақталды.
Комментариев нет
Просмотров: 109