Меню KDT

Математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар туралы

Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақ – математика пәні мұғалімдерінің  жаңашыл әрекеттерінің көрінісі» тақырыбында  оқу-әдістемелік қалалық семинар өткізілді.


Қазіргі уақытта заманауи сабаққа қойылатын талаптар мен критерийлері туралы ұғымның өзектілігін, оның құрылымдық тәсілдерін көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинеті жоспарына сәйкес Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақ – математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттерінің көрінісі» тақырыбында оқу-әдістемелік қалалық семинар өткізілді. Әдіскер Б.К.Айтмухаметова алғы сөзінде мұғалімнің кәсіби шеберлігінің бірінші көрсеткіші – сабақ деп ескеріп, семинардың мақсат- міндеттерімен, бағдарламасымен таныстырды.
Қала мектептерінен 27 мұғалім қатысты. №40 орта мектеп директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Ж.Б.Тлеулесова өз сөзінде мектептің математика пәні мұғалімдерімен, мектеп нәтижелерімен таныстырды. «Мұғалім – кәсіби құзіретті тұлға» тақырыбында  математика пәнінің мұғалімі Б.Омарова баяндама жасады.
«Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» тақырыбында 10 «А» сыныбында Құралай Ордабайдың және «Екі өрнектің қосындысының  квадраты мен айырымының квадраты формуласына есептер шығару» тақырыбында Райся Жұмасейітқызы Құжанбаева 7 «А» сыныбында ашық сабақтар өткізілді. Өткізілген сабақтар талданып, кері байланыс  алынды.
Мектептің әдістемелік бірлестік жетекшісі Салтанат Сакеева «Математика пәні мұғалімдердің заманауи сабақтағы – жаңашыл әрекеттерінің көрінісі» атты  тренингте  «Қазіргі заманғы күнделікті сабақтағы мұғалімнің шығармашылық рөлі», «Сабақтың әр кезеңінде қандай өлшемде оқушылардың танымдық қызметі жандандырылады», «Сабақта теорияның практикамен байланысы қалай жүзеге асырылады» деген сұрақтарға талқылау ұйымдастырды.


Комментариев нет
Просмотров: 126
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.01.2014 в 18:47