Меню KDT

Мұғалімнің дамуы мен кәсіби қалыптасуы

22 қаңтар айында № 53 мектеп-лицейінде сызу пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.


2014 жылы 22 қаңтар айында № 53 мектеп-лицейінде сызу пәні мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің дамуы мен кәсіби қалыптасуы» атты қалалық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Іс шараға Білім басқармасының әдіскері Г.Г Ахметжанова және 17 қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. № 53 мектеп-лицей директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Т.С Аманова ұйымдастырылып отырған семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қала мектептерінің мұғалімдері А.А Тургумбаеваның 9 «А» сыныбымен  өткізген «Күрделі тіліктер» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысып, өз ойларымен бөлісті.

                                        

Семинар қонақтары мектеп қабырғасында ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Сонымен қатар мектептің «Асыл мұра» үйірменің жұмысымен  таныс болды. 
                                             
Семинарға  қатысушылар А.А Тургумбаеваның ұйымдастыруымен өткізген тренингке қатысты. Семинар соңында мектеп психологтары Жүнісова Н.З және Ерпейсова Ж.К  ұйымдастыруымен «Ақша қар» рефлексиясы өткізілді.


Комментариев нет
Просмотров: 81
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.01.2014 в 19:08