
03.12 – 11.12.2013 аралығында тарих пәні бірлестігінің онкүндігі өтті.
«Тәуелсіздік – ата баба арманы, ұрпақтар үшін - ақиқат» атты тарих пәні бірлестігі онкүндік өтті
03.12 – 11.12.2013 аралығында тарих пәні бірлестігінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты:
- Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейге көтерілгендігін 22 жылда Қазақстандықтардың өмірінің жақсарғандығы халықтардың арасында елдер мен бұрынғыдан гөрі күрделі сынақтар бой көтеріп отырғандығын жан-жақты таныстырып насихаттау.
- Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
- Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
індерді оқушылар өлеңдер және қара сөздер оқу арқылы жеткізді. Саптық жиында оқушылар және мұғалімдер онкүндіктің жоспарымен таныстырылып өтті.



4.12 күні 6 «Ә» сыныбында «Қола дәуірінідегі Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Карамергенова Назгүл Тоқтамысқызы. Ашық сабақ директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады.
6-7.12 күндері «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы өтті. Сайысқа 7-8 сыныптар және 9-10 сыныптар қатысты.
Ашық сабақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен және әлеуметтік педагогтың қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен және өз ойларын ортаға салып талдады.





11.12 күні «Тәуелсіздік тұғырым» атты оқушылардың І ғылыми – теоретикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысқан оқушылар: 8 «Ә» сынып оқушысы Райқұл Алихан, 10 «А» сынып оқушысы Тлеулес Шапағат,Қанатова Ақбота, 9 «А» сыныптан Амантаева Дианара және Бейбітхан Ақжарқын, 9 «Ә» сынып оқушысы Сайдынов Исабай, 7 «Ғ» сынып оқушылары Іңкәр Бекарыс,Кәрімов Нұрсұлтан. 8 «А» сынып оқушысы Турдыбекова Ұлжан, 5 «А» сынып оқушылары Даданбекова Адемі және Олжабаева Аяулым қатысты.
Апталықтың қорытындысы шығарылып,апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды.Әрине кемшіліктер де жоқ емес бар. Оларды келешекте болдырмауға жұмыс жүргіземіз.
Шешімі;
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіру арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастыру.
- Пән мұғалімдері сабақта әдіс-тәсілдерді түрлендірсін, жаңа технологияны меңгеріп пайдалансын.
- Оқушылармен жиі конференциялар, дебат,сайыстар өткізу арқылы Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
- Апталықтың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалаймыз.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: Ж.С.Темирханова
Комментариев нет
Просмотров: 2333