Меню KDT

«Ақпараттық технология – білім үрдісінде» атты семинар туралы

Физика сабағында компьютерлік модельдеу қолдану әдістері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.


Физика сабағында компьютерлік модельдеу қолдану әдістері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Ақпараттық технология – білім үрдісінде» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Тәжірибелі ұстаздар Гүлшара Қадыршынқызы Дүйсенова, Биғайша Асылханқызы Тоқумбаева, №38 мектеп-лицеінің мұғалімдері өздерінің жұмастарын қала мұғалімдеріне көрсетті.
Семинардың  басында  келген мұғалімдер «EXPO-2017» көрмесіне  арналған мектеп - лицей  оқушыларының үлесін тамашалады, жетістіктерімен танысты.Оқушылар өздерінің «ЭКСПО – 2017» атты көрме  бағыттары бойынша жасалған жұмыстарымен таныстырды:

«Баламалы энергия көздері»
бағыт:
1  «Күн қуатымен су жылытатын құрылғы» Мағзумов Алмас, Салим Әмір.
2 «Жер шарының түнгі жағын жарықтандыру» Камалов Мирас, Абсалямов Қуаныш.
3 «Квантово-химическое моделирование атомной структуры окиси цинка» Бақытбек Шалқар, Әмірғалиев Жандос.
4 «Энергияны бірге үнемдейік» Қаражан Бекасыл.
5 «Болашақтың энергиясы» Дәрібай Аружан.
6 «Болашақтың энергия көзі» Тельман Саида.
7 «Күн батареясы» Б. Жангелді, Д. Айдос, А. Шыңғыс.

«Тұрғын үй немесе жеке орындарды (жер там, автотұрақ) энергиямен қамтамасз ету»
бағыт:
1 «Күн сәулесі арқылы жарықтандыру құрылғысы» Жақып Камила, Нұрланқызы Айпері.
2 «Светодиодтар» Болатов Б., Қорғанов Д.

«Туризм»
бағыт:
1 «Энергия будущего» Оразғожа Мадина, Мукия Айқаракөз.
«Қалдықтар технологиясы» бағыт:
1 «Қарапайым кондиционер» Мухаммедказинов Нұрасыл.
2 «Қарапайымжелдеткіш» Какенов Али.
Деңгейлік курс бойынша өткен мектептің «Креатив тобы» тренері оқу ісінің меңгерушісі Л.Т. Есенова тренинг жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінде физикадан практикалық жұмыстарды орындауда ақпараттық технология мүмкіндігін пайдалану әдістерімен танысты: молекула заңдарын компьтерлік моделдеу; электромагниттік индукция құбылысын  xplorer GLX  құрылғысы арқылы  бақылау; Гук заңын xplorer GLX  құрылғысы арқылы  бақылау.
Семинар соңы рефлексиямен аяқталды. Ұстаздар өздерінің жақсы тілектерімен тәжірибе алмасуда көптеген мәліметтерді алғандығы туралы ризашылықпен әріптестерге сәттілік тіледі.
 


Комментариев нет
Просмотров: 129
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.01.2014 в 14:32