Меню KDT

«Шебер-сынып» жөніндегі ақпарат

«Математика, физика пәндерінен ҰБТ берілетін есептерді дұрыс шығаруға апаратын шығармашылық әдіс» деген тақырыппен №1 мектеп-лицейде «Шебер-сынып» өткізілді.


«Математика, физика пәндерінен ҰБТ берілетін есептерді дұрыс шығаруға апаратын шығармашылық әдіс» деген тақырыппен №1 мектеп-лицейде «Шебер-сынып» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ҰБТ-ға  жақсы дайындайтын, шеберлі мұғалімдерді анықтау.
«Шебер-сыныпқа» қатынасқан мұғалімдер: Анисимова Татьяна Григорьевна  №6 гимназияның  мұғалімі, Жұмағұлов Темірболат Ғалиұлы  №1 мектеп-лицейінің мұғалімі, Тыныкенова Бағдат Кәрімқызы №1 мектеп-лицейінің  мұғалімі, физика пәнінен – Федоров Владимир Николаевич  №1 мектеп-лицейінің  мұғалімі.
Сабаққа қатынасушылардың топтық жұмыста тегіс белсенділік танытуын қамтитын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану  жолдары осы шебер-сыныпта қолданылды. Аталған іс-шарада 35 қатысушылар қатысып, ҰБТ есептерін шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әдістеріне үйренгенін, осындай деңгейдегі жұмыстардың орасан зор пайдалы екендігін жұмыс қорытындысында айқын байқалды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар атынан  Астана қаласының Білім Басқармасының әдіскері Қанапянова Гүлнар Ыдырысқызы қорытынды сөз сөйледі. 


Комментариев нет
Просмотров: 138
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 27.01.2014 в 16:18