Меню KDT

Математикадан On-Line сабақ өткізілді

Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының  жетекшілігімен  математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді.


   Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде қаңтардың 24-і күні қалалық Білім басқармасының  жетекшілігімен  математикадан қалалық деңгейде On-Line сабақ өткізілді. Математика мұғалімі Муамер Гүл олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелері бойынша тәжірибемен бөлісті. Муамер Гүл- өте дарынды ұстаз. Ол кісінің еншісінде қалалық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың 600-ге жуық жүлделі орындары бар. Қаңтар айында өткен қалалық олимпиададан математикадан 17 жүлделі орын алып отыр. Кеше ғана оқушылары Алматы қаласында өткен Халықаралық Жәутіков олимпиадасынан алтын, күміс, қола медалдармен оралды. On-Line сабақта Муаммер Гүл  мен оның оқушылары олимпиадалық күрделі есептерді шығару жолдарын көрсетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті, 38 қала мектептері байланысқа шығып сабаққа белседі қатысты.

Теги:  Онлайн, сабақ, астана, лицей, қазақ-түрік, Гүл, математика,

Комментариев нет
Просмотров: 125
Автор: urazalinova
Сайт: www.astana-bilim.kz
Добавлено: 29.01.2014 в 00:00