№55 «Қарақат» балабақшасындағы «Өзін – өзі тану» күні
2014 жылдың қаңтар айының 15-ші жұлдызында №55 «Қаракат» балабақшасында рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері», Астана қаласы бойынша Балалардың құқығын қорғау департаменті және қалалық Білім беру басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бағдарламасы аясында қалалық іс-шара өткізілді.
2014 жылдың қаңтар айының 15-ші жұлдызында №55 «Қаракат» балабақшасында рухани – адамгершілік білім беру бағытында «Жүректер үндестігінің мүшелері», Астана қаласы бойынша Балалардың құқығын қорғау департаменті және қалалық Білім беру басқармасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының бағдарламасы аясында қалалық іс-шара өткізілді.
Іс – шараның мақсаты: өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру. Өзін – өзі тану ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мектепке дейінгі ұйымдардан 40 педагог қатысты.
Астана қаласының Балалардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Л.Темирлина департаменттің жеке тұлғаның рухани – адамгершілік дамуының жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғады. №55 «Қарақат» балабақшасының меңгерушісі А.Байботанова педагогтардың назарын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде тәрбие және білім беру барысында балалардың жеке қабілеттерін арттыра отырып жалпы адамгершілік құндылықтарды игерту.
«Мен әдепті баламын» ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде тәрбиеші А.Динтаева, «Өзін – өзі тану» адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің түлегі Д.Ағыбаева, Т.Наметкулова, А.Байтенова, А.Қазыбаева, ән – күй жетекшісі Т.Берекетова әдістемелік әдіс – тәсілдерін: тыныштық сәті, шаттық шеңбері, жүректен жүрекке, сахналау, дәйексөз көрсетті.
Педагог – психолог С.Сүлейменова педагогтармен тренингтер, ойын – жаттығуларын өткізді. Өзін – өзі тану ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде балалар мынадай ұғымдармен танысады: ЖАҚСЫЛЫҚ, ЖАНАШЫРЛЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ӘЛЕМ, БАҚЫТ, ДЕНСАУЛЫҚ сияқты.
«Әлем қандай ғажайып!» атты шығармашылық көрмеде балалардың қызықты жұмыстары көрсетілді. Ж.Сұлтанбекова мектеп алды даярлық тобында өзін – өзі тану бұрышын әсемдеуге зор үлесін қосты.
Қатысушыларға ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен көрнекілік құралдар алды.
Комментариев нет
Просмотров: 109