Меню KDT

«Дамыта оқыту – бала дарындылығын дамытудың негізі»

2014 жылы 23 қаңтар айында № 56 мектеп-лицейінде технология пәні мұғалімдеріне арналған «Дамыта оқыту – бала дарындылығын дамытудың негізі» атты қалалық семинар ұйымдастырылып өткізілді. Іс шараға Білім басқармасының әдіскері Г.Г Ахметжанова және 27 қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ұстаздар оқушылардың тәрбиелі, білімді де зерделі, заман талабына сай азамат болып қалыптасу үшін қызмет етуде.

Астана қала мектептерінің технология пән мұғалімдерінің қалалық семинары № 56 мектеп – лицейінде өткізілді. Семинардың мақсаты: пәнді оқытуда сабақ берудің жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушы мен мұғалім шығармашылығының байланысын нығайту жолдарымен таныстыру.
№ 56 мектебінің технология пән мұғалімі Байсары Айкерім Есалықызы 6 «Ә» сынып оқушыларымен «Алжапқышты сәндеу, дайын жұмысты өңдеуден өткізу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ қызықты өтті. Оқушылардың өзін-өзі ұстауы, мұғалімнің сөйлеу мәнері бірқалыпты, тиянақты болды. Тігін машинасымен жұмыс істеу барысында оқушыларға ТҚ- ережелерін таныстырды.
Мұғалім сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланды. Электронды оқулық арқылы сөзжұмбақ, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты. Мұғалім оқушының өз бетінше жұмыс атқарып, шығармашылық дербестік таныта білуіне мүмкіндіктер туғызды.

№ 68 мектебінің технология пән мұғалімі Туашова Рана Серікбайқызы «Технология пәнінде жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақты тренингпен бастады. Мұғалімдерді алдын ала қиылған фотосуреттер арқылы 3 топқа бөліп орналастырылды. Тақырыбына байланысты жеті модульдің әрқайсысына жеке тоқталды. Электронды оқулықты пайдалана отырып, бір сабақтың өту бағытын толық көрсетті. АКТ-ны қолдана отырып, мұғалімдерге «Movie Maker» - бағдарламасын енгізіп, сол арқылы фотосуреттер, әуендер немесе фильмдер енгізіп слайдшоу жасау тәсілін көрсетті. Сабақтың соңында Туашова Рана Серікбайқызы мұғалімдердің бір біріне жақсы тілек-лебіздерін білдіру мақсатында «Өрмекшінің өрмегі» атты тренинг өткізді. Барлық мұғалімдер бір-біріне есте қаларлықтай жақсы тілектерін білдірді.

Семинарда сабақ берген екі мұғалім «Ата баба дәстүрін сақтаймыз» атты көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар «Сыр сандық құпиясы» атты 8 сыныпқа арналған интелектуалды ойын өткізілді.

Теги:  «Дамыта оқыту – бала дарындылығын дамытудың негізі»,

Комментариев нет
Просмотров: 517
Автор: urazalinova
Сайт: www.bilim-astana.agartu.kz
Добавлено: 24.01.2014 в 00:00