Меню KDT

«Аттестация – педаготың кәсіби шеберлігі»

24.01.2014 жылы Астана қаласы «А. З. Молдахметова атындағы лицей» базасында «Аттестация – педагогтың кәсіби шеберлігі» атты қалалық оқыту - семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты: педагогтарды аттестацияға дайындау барысында озық іс-тәжірибесін тарату.
Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Кожахметова А.З. орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне «Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау тәртібі мен өткізу ережесіне» (ҚР БжҒМ 07.08.2013ж. № 323 бұйрығы) сәйкес «Аттестацияланушы педагогикалық қызметкер жетістігінің өлшемдері» тақырыбын ұсынды

А.З.Молдахметова атындағы лицейдің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі З.Х.Хазимуллина «Портфолио – аттестацияланушы педагогтың кәсіби имиджі» тақырыбында аттестация барысындағы озық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Қала мектептері мен колледж мұғалімдері «Шығармашылық портфолиосы» тақырыбында кәсіби жетістіктері туралы мәліметтері мен құжаттарын өтініш білдірген біліктілік сәйкестігі бойынша қалай жүйелеу қажеттігі туралы ақпараттар алды. Педагогтарға озық іс-тәжірибесін дайындау мен тарату барысында айтарлықтай көмек түрлері көрсетілді: ОТТ құрылымы (кіріспе, педагогикалық тәжірибе, тәжірибе сипаттамасы, салыстырмалы талдау, қорытынды, педагогикалық іс-әрекеттің болжамды қорытындысы) Оқыту-семинарын ұйымдастырушы-әдіскер Қожахметова Асылтас Заидқызы.

Теги:  «Аттестация – педаготың кәсіби шеберлігі»,

Комментариев нет
Просмотров: 393
Автор: urazalinova
Сайт: www.bilim-astana.agartu.kz
Добавлено: 29.01.2014 в 00:00