"Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі" КММ тарихы
Жалтыр негізгі мектебінің жаңа ғимараты бейімделген, 80 балаға арналған үй-жайға орналасқан, 1979 жылы қолданысқа берілген. 2010 жылдың ақпан айында
15 балаға арналған толық емес күндік мектеп жанынан «Балбөбек» шағын орталығы ашылып, 2011 жылғы қаңтар айынан бастап толық жұмыс күніне көшті. Шағын орталықтағы оқу-тәрбие жұмысы «Балапан» бағдарламасына негізделіп жүргізіледі
Мектептің жалпы көлемі -567,5 ш.м.
Ұйымдастыру- құқықтық нысан – коммуналдық мемлекеттік мекеме.
Меншік түрі - мемлекеттік
Оқыту тілі – қазақша
Оқу-үрдісінің жүйесі - кабинеттік.
Мектептегі сабақ ІІ ауысымда жүргізіледі. ІІ ауысымда бастауыш сыныптың біреуі мен мектепалды даярлық тобы оқиды.
Жұмыс тәртібі – жалпы білім беру, оқыту жүйесі – дәстүрлі.
Мектеп жергілікті жылыту қазандығымен жылытылады, телефон жүйесі бар, кеңжолақты интернетке қосылған.
Мектеп ауласы көріктендірілген, қоршалған. Ғимарат түрі - бейімделген, кірпіштелген.
Оқу кабинеттері - 7
Қазақ тілі мен әдебиеті - 1
Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын - 1
Математика - 1
Тарих және биология - 1
Өзін-өзі тану - 1
Бастауыш сынып - 1
Информатика және физика - 1
Спортзал - 1
Информатика кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталған. Жаңа заман талабына сай жабдықталған басқа пән кабинеттері жоқ.
Мектепте директордың кабинеті, мұғалімдер бөлмесі және мектеп кітапханасы бар.
Асханаға екі бөлме берілген, біреуі ас дайындау бөлмесі және асхана.
Асхана балаға тамақ ішуге арналған, жалпы ауданы 17,8 ш.м.
Спортзал – 78,1 ш.м.
Кітапхана - 11,4 ш.м.
Мектеп аумағы - 0,7911 га.
Мектеп үлескісінің алаңы – 0,5 га
«Балбөбек» шағын орталығының ауданы –69,4 ш.м.