«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2-де 9-сынып оқушыларына арналған саяхат
Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес 2022 ж. 31.10 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 9-сынып оқушылары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2-де болды. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Бадагазин Сергей Владимирович - электротехникалық зертхананың бастығы балаларға саяхат өткізді, оның аясында оларға электр станциясындағы жұмыс процесі көрсетіліп қана қоймай, объектінің тарихымен таныстырды. Саяхат барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Комментариев нет
Просмотров: 167