«Әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама нормаларын түсіндіре отырып, арандатушылық және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы» сынып сағаты
2022 ж. 07.11 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де «Әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті көздейтін заңнама нормаларын түсіндіре отырып, арандатушылық және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы» тақырыбы бойынша сынып сағаты аясында 8,10-сынып оқушыларының «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы»КММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б. К. Базарбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында қаралатын негізгі мәселелер: Қазақстанның полиэтностығы, этностар арасындағы дұшпандыққа жол бермеу және ұлттық және нәсілдік алауыздықты қоздырғаны үшін жауапкершілік болды. Практикалық мысалдарда этносаралық қақтығыстарға ұласуы мүмкін тұрмыстық қақтығыстардың жағдайлары қарастырылды. Кездесу соңында педагогтар мен оқушылар Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы ақпарат алды.
фотоесеп