4-қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде бақ сынаған Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көрініп, топ жарды.
Биылғы оқу жылы біздің мектебіміз үшін олжалы болуда. Қыркүйек айынан бері сүйіншілейтін жаңалықтар легі бір азайған жоқ. Нақтырақ айтар болсақ, 4-қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде бақ сынаған Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көрініп, топ жарды.
Биылғы оқу жылы біздің мектебіміз үшін олжалы болуда. Қыркүйек айынан бері сүйіншілейтін жаңалықтар легі бір азайған жоқ. Нақтырақ айтар болсақ, 4-қараша күні 2-7 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде бақ сынаған Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көрініп, топ жарды. Бастауыш сынып мұғалімі Айжан Байкенқызының оқушылары Баяхмет Мадина қазақ тілі номинациясы бойынша І орын, медицина бағытында Бейсембина Амира ІІІ орын иеленіп, төбеміз көкке жеткендей қуандық. Ал 6-сынып оқушылары Мұхатетғали Арлан мен Қайырбай Ерасыл қазақ әдебиеті бағыты бойынша І орынға ие болғаны абыройымызды одан бетер асырды. Жеңімпаз оқушыларымыздың жетекшілері Арайгүл Амантайқызы мен Меруерт Серікқызы екенін де атап өткен жөн. Алдағы күндері республикалық деңгейде бақ сынайтын оқушыларымыздан үміт зор.

