Меню KDT

2022 ж. 11.11 Полиция департаментімен бірлесіп «Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша білім беру ұйымының басшы құрамының, қызметкерлерінің және білім алушылардың іс-қимылдары» объектілік жаттығуы (іс-қимыл алгоритмін пысықтау)


ТЖ кезіндегі мінез-құлық дағдыларын пысықтау, терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы білімді насихаттау, қауіпсіз мінез-құлықтың жалпы мәдениетін арттыру мақсатында полиция департаментімен бірлесіп «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің балалары және қызметкерлерімен 2022 ж. 11.11 «Терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша білім беру ұйымы басшы құрамының, қызметкерлерінің және білім алушылардың іс-қимылдары» (іс-қимыл алгоритмін пысықтау) объектілік жаттығуы өтті. Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді бағалау, қойылатын талаптарға сәйкестік жеке құрамның эвакуация туралы сигнал беру кезінде мектеп оқушыларын алдына қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыру, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл деңгейін бақылау қабілетін көрсетті. Өткізілген объектілік жаттығудың қорытындысы мектеп қызметкерлерінің кеңесінде шығарылды. «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің қызметкерлері мен оқушыларының іс-әрекеттері қанағаттанарлық деп танылды.


Комментариев нет
Просмотров: 194
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.11.2022 в 12:14