Меню KDT

Телерадиожурналист, жазушы Балтабай Ғалия Құсайынқызымен кездесу өтті

11.11.2022ж.  күні, сағат 14.00.   мектебіміздің  кітапханасында     телерадиожурналист Балтабай Ғалия Құсайынқызымен      кездесу өтті.  Бұл іс-шара  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылды. 


 Кездесуге  Әдістемелік орталықтың әдіскері Шаяхметова Анар Ермуханқызы, ұстаздар, кітапханашы Қаржас Қ.А. және  7ә сынып жетекшісі Исабекова Г.Қ. оқушыларымен  қатысты.  Ғалия Құсайынқызы балаларға арнап жазған   «Сары қыз» кітабы бойынша   өзінің еңбек жолдары мен  еліміздің тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді. Оқушылар халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің шығармашылығымен танысып,  шығарма желісі бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.    Бүгінгі кездесу кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулып,ақын шығармашылығы арқылы  халқына, тілге, отанға  деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты. Сонымен қатар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын  арттырды.


Комментариев нет
Просмотров: 215
Автор: 3mektep
Сайт: www.3.astana-bilim.kz
Добавлено: 14.11.2022 в 12:50