Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының өкілі М. К. Дорбаевпен кездесу
2022 ж. 14.11 кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-нің 9,11 сынып оқушылары «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК зертхана меңгерушісі М. К. Дорбаевпен кездесті. Кездесуде М.К. Дорбаев ЖАҰСО-да жұмыс істеудің артықшылықтары, автожол саласындағы кадр тапшылығы және елдегі жолдарды салу мен дамытуға бағытталған бағдарламалар туралы айтып, осы бағытта тиісті мамандық алуға болатын жоғары оқу орындары мен колледждер туралы ақпарат берді. Ол сондай-ақ жол активтерінің ұлттық сапа орталығы оқушыларды саяхатқа шақыратынын айтты. Кездесу қызықты әрі нәтижелі өтті.
фотоесеп
Комментариев нет
Просмотров: 190