Меню KDT

«Маршак салған үй» ақпараттық сағаты


«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында 2022 жылдың 7 қарашасында «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ кітапханасы 2 «Б» сынып оқушыларына, 2022 жылдың 3 қарашасында атап өтілген балалар жазушысы Самуил Яковлевич Маршактың 135 жылдығына арналған «Маршак салған үй» ақпараттық сағатын өткізді. Оқушылар автордың өмірбаянымен, оның шығармаларымен танысты. Балаларға жазушысы туралы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті көргеннен кейін оқушылармен «С.Я Маршактың өмірбаяны мен шығармашылығы парақтары бойынша» сұрақ-жауап сайысы өткізілді.

фотоесеп


Комментариев нет
Просмотров: 152
Автор: b1426skobilim
Сайт: www.b1426.sko-bilim.kz
Добавлено: 14.11.2022 в 21:27