«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - Сарсенбекова Айслу Альтиевна
Мектеп үшін қуанышты жаңалық, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер- Сарсенбекова Айслу Альтиевна, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығы) сай «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.Сарсенбекова Айслу Альтиевна , біздің мектепте үш жыл жұмыс істейді. Өзінің еңбек педагогикалық қызметін жас педагогтарды оқытуға арнайды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардың тренері және сарапшысы бола отырып, Айслу Альтиевна мұғалімді оқыту практикасында жаңа және тиімді әдістерді қолдану бойынша семинарлар, практикумдар өткізеді.
Омбы қаласындағы "Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары" ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ғылыми мақала ұсынғаны үшін және форсайт-сессияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Айслу Альтиевнаның оқушылары Бүкілресейлік педагогикалық оқулар халықаралық байқауында ғылыми жобалар қорғау бойынша 1 дәрежелі дипломдарға ие болды.
Айслу Альтиевна -2,6,10,11 сыныптардың жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша "Орыс тілі мен әдебиеті"," Орыс тілі"," Орыс тілі оқулығына әдістемелік нұсқаулық " оқулықтарының авторы және бірлескен авторы.
Педагог СҚО БСӘЖАТО-мен тығыз қарым-қатынас жасайды, облыс педагогтары үшін семинарлар өткізеді, тәжірибені жинақтау бойынша Сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылады. 2022 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысынан педагогтардың тәжірибесін жинақтау жөніндегі Республикалық сараптау комиссиясының мүшесі болып табылады.
Қазіргі уақытта СҚО БСӘЖАТО ұйымдастырумен «Зерделі ұстаз» жобасының жетекшісі болып табылады.
Айслу Альтиевнаны марапатымен шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейміз!
Комментариев нет
Просмотров: 160