2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 2-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА 2-7 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ НӘТИЖЕСІ
«Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернат» КММ базасында ағымдағы жылдың 4 қарашасында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Мектебіміздің 6-сынып оқушысы Игенова Наргиза «Экология, валеология» секциясында «Хромотерапия - мектеп оқушылары үшін оңтайлы терапия» атты зерттеу жобасымен облыста мектеп намысын қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жоба жетекшісі Тұрсынова Сәуле Нұрғалиқызы. Жеңімпазымызды шын жүректен жүлдесімен құттықтай отыра, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!