«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» сынып сағаты
Оқушыларда «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заңы бойынша баланың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында, «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 ж. 14.11 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 8-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар «Өз құқықтары үшін күресу керек пе?», «Сіз мемлекет өміріне қалай қатыса аласыз және біздің қоғамда болып жатқан процестерге қалай әсер ете аласыз?» және т.б. сұрақтарға жауап іздеуде балалар «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Заңға, «Қазақстан Республикасының Конституциясына», Бала құқықтары туралы конвенцияға жүгініп, сұрақтарын өздері қойды. Пікірталас барысында әртүрлі көзқарастар пайда болды, өйткені әркім өз пікірін білдіруге мүмкіндік алды. Әрі қарай оқушыларға ойлау және өмірлік жағдайларды талдауға қатысу үшін ақпарат ұсынылды. Іс-шара оқушылардың саяси және құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге, адам құқықтары мен толеранттылықты құрметтеу қағидаттары негізінде демократиялық қоғамда өмір сүруге, құқықтар мен міндеттер туралы білімді практикада қолданудың қажетті іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.