Ұлттық валюта теңге – тәуелсіз Қазақстанның жарқын үлгісі» эрудит шоу
Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 5-7 сынып оқушылары үшін «Ұлттық валюта теңге–тәуелсіз Қазақстанның жарқын үлгісі» атты эрудит шоуы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнінің тарихи маңыздылығын атап өту, оқушыларға патриотизм сезімін ояту, оларды халықтың мәдениеті мен құндылықтарына, сондай-ақ белсенді қоғамдық өмірге баулу. 15 қарашада Қазақстанда ұлттық валюта - теңге күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстан Республикасы Ұлттық валютаны ресми түрде енгізді. Ұлттық валютаның айналымға енгізілуі тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси өмірін дамыту үшін орасан зор оқиға болды. Бұл біздің мемлекетіміздің ақша-кредит саясатын өз бетінше жүргізуге мүмкіндік ашқан батыл қадам болды. Теңге - бұл біздің тарихымыздың толыққанды бөлігі, өз уақытының белгісі. Бұл күні балалар көп нәрсені білді: ұлттық валюта қалай құрылды, алғашқы теңгелер қай жерде басылды, айналымға қалай енгізілді. Қорытындылай келе, балалар Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын енгізу орасан зор экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси маңызы бар деген қорытындыға келді. Қазақстанның ұлттық валютаға көшуі республикаға әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік берді, бірақ тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде
фотоесеп