«Дұрыс тамақтану құпиялары» сынып сағаты
Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп оқушыларында дұрыс тамақтану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, адам үшін тамақтану мәні, тамақтану гигиенасын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де 1-4 сынып оқушылары үшін «Дұрыс тамақтану құпиялары» сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар «фаст – фудтың» адам ағзасына теріс әсер ететін факторлар туралы қаншалықты зиянды екенін білді. Балалар қоректік заттардың негізгі топтары – ақуыздар, майлар, көмірсулар мен дәрумендер, ағзадағы осы заттардың қызметі туралы түсінік алды. «Миға шабуыл», жұмбақтар, кроссворд шешу ойындары өткізілді. Дұрыс тамақтану ережелерін қалыптастырды. Салауатты тамақтану пайдалы, сонымен қатар баланың ағзасы үшін ыстық тамақ қажет деген қорытындыға келді. Рухани және физикалық сау болу үшін өмір салтын және тамақтану әдеттерін жақсы жаққа өзгертуге тырысу ешқашан кеш емес. Азық-түлік әр түрлі болуы керек, әрине, жасын, ұлттық дәстүрлерін және тұрғылықты жерін ескеру қажет.