Меню KDT

ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

Туған тілдің абыройын асқақтату әрбір адамзаттың қасиетті борышы. Мемлекеттік тіл татулық пен бірліктің тірегі. Тіл тағдыры — ел тағдыры. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оны орынсыз шұбарлауға қарсы тұруға тиіс. Әр халықтың, ұлттың, құрмет тұтар өз ана тілі бар. 


ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ
🔰Туған тілдің абыройын асқақтату әрбір адамзаттың қасиетті борышы. Мемлекеттік тіл татулық пен бірліктің тірегі. Тіл тағдыры — ел тағдыры. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оны орынсыз шұбарлауға қарсы тұруға тиіс. Әр халықтың, ұлттың, құрмет тұтар өз ана тілі бар. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық қазақы тәрбие алуы керек. Себебі өз ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамгершілік мәдениеттің көрінісі болып табылады.
🔰Бүгін, яғни 2022 жылдың 16 қараша күні СҚО бойынша "Қазақ тілі қоғамының" төрағасы Мухамеджанов Жанат Қабдолрақымұлы мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" ҚР Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі №2923 Жарлығы негізінде оқушыларға ақпарат беріп, қазақ тілінің маңызы жөнінде түсіндірмелі-ақпарат жұмыстарын жүргізді.


Комментариев нет
Просмотров: 169
Автор: b146skobilim
Сайт: mektep6.kz
Добавлено: 16.11.2022 в 19:42