Дүниежүзілік балалар күніне арналған мектеп саптық жиын
Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық кампаниясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 ж. 18.11 «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ-де мектеп Парламенті дайындаған Дүниежүзілік балалар күніне арналған 1 және 2 ауысымның мектеп саптық жиыны өтті. Оқушыларға БҰҰ қабылдаған негізгі халықаралық құжаттармен (Адам құқықтары декларациясы және Бала құқықтары туралы Конвенция) балалардың құқықтарын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасындағы заңнамалық актілер туралы ақпарат берілді. Жиын соңында оқушыларға «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша грамоталар табыс етілді.
фотоесеп