Меню KDT

Биылғы жылдың 10 қараша күні Петропавл қаласы «№7 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Мусетаева Г.Н. жетекшілігімен бір топ курсанттардың қатысуымен «Lesson Study тәсілін жүзеге асыру шеңберінде сабақты зерттеу» атты облыстық семинар өтті.


Биылғы жылдың 10 қараша күні Петропавл қаласы «№7 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Мусетаева Г.Н. жетекшілігімен бір топ курсанттардың қатысуымен «Lesson Study тәсілін жүзеге асыру шеңберінде сабақты зерттеу» атты облыстық семинар өтті. Мақсаты: «Lesson Study» әдісі – әріптестермен бірігіп,сабақ жоспарын құру, зерттеу сабағын талқылау, сабақтың жоспарын талқылау, зерттеу сабақтарын өткізу болып табылады. Сол орайда әріптестер зерттеудің І кезеңінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығына барып, бірігіп сабақ жоспарын құрастырды. ІІ кезеңінде ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, сабақты талқылады. ІІІ кезеңінде мектепте сол құрастырылған сабақтар өткізілді. Сабақты 7 орта мектептің білікті де, білімді ұстаздары Рамазанова Р.Е., Тулебаева Д.М., Курманкулова А.А, Курманкулова Д.А өткізді.
«Lesson Stady» мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне тағы бір көзіміз жетті. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болады.
«Lesson Stady» оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.




Комментариев нет
Просмотров: 697
Автор: b147skobilim
Сайт: school7.edu.kz
Добавлено: 21.11.2022 в 15:33