Меню KDT

ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ағымдағы жылдың 11 қарашасы облыс орталығының №4 орта мектебінің базасында жас педагогтерге арналған «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.


Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
- педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;
- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;
- жас педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру;
- эксперименттік және инновациялық жұмыста кәсіби батылдық пен дербестікті дамыту;
- жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау
- жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі көрсету және әріптестерін қолдау үшін мүмкіндік жасау.
Педагогикалық олимпиаданың құрылымы 3 сатыдан тұрады.
І саты- жас педагогтер;
ІІ саты- тәлімгерлер;
ІІІ- психологтар.
Қатысушылардың еңбек өтілі 5 жылдан аспаулары тиіс еді.
Аталмыш байқауға қаламыздың түрлі мектептерінен мемлекеттік тілде сабақ беретін 11 жас маман қатысып, мектебіміздің география пәні мұғалімі Абдразахов Нурсеит Абдрашитович «Жас маман» сатысында жүлделі І орынды иеленсе, мектебіміздің аға тәлімгері Рашева Саида Саметаевна «Тәлімгер» сатысында І орынды жеңіп алып, алдағы уақытта қала намысын облыс деңгейінде қорғайтын болады. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отыра, келесі кезеңде де жеңіс тілейміз!
https://www.instagram.com/p/ClEQD42tM4G/ 


Комментариев нет
Просмотров: 99
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 18.11.2022 в 19:03