Меню KDT

Қуанышты жаңалық! 2022 жылғы 18 қарашада жас педагог қызметкерлерге арналған «Дарынды мұғалім - дарынды балаларға» атты республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Мектебімізден аталмыш олимпиаданың қалалық кезеңінде І орынды иеленген екі жас ұстазымыз Абдразахов Нұрсейіт Абдрашитович пен Рашева Саида Саметаевна қала намысын облыстық кезеңде қорғап шықты. Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Рашева С.С. "Тәлімгерлер" санатында жүлделі І орынды иеленсе, ал "Жас педагогтер" санатында Абдразахов Н.А. өз қанжығасына І орынды байлады. Әріптестерімізді шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!

Бұл олимпиада мұғалімдерді дарынды балалармен жұмысты жандандыруға даярлау нысандарының бірі болып табылады, сондай-ақ жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Облыстық кезеңге 30 педагог қатысты:«Жас педагогтер» санатында - 23, «Тәлімгерлер» және «Психологтар» санаттарында - 7 педагог.
Мектебімізден аталмыш олимпиаданың қалалық кезеңінде І орынды иеленген екі жас ұстазымыз Абдразахов Нұрсейіт Абдрашитович пен Рашева Саида Саметаевна қала намысын облыстық кезеңде қорғап шықты. Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Рашева С.С. "Тәлімгерлер" санатында жүлделі І орынды иеленсе, ал "Жас педагогтер" санатында Абдразахов Н.А. өз қанжығасына І орынды байлады. Әріптестерімізді шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!
https://www.instagram.com/p/ClS_DIatLU-/ 

Комментариев нет
Просмотров: 115
Автор: b1437skobilim
Сайт: www.b1437.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.11.2022 в 19:06