992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялады.
Осы күнге орай ағымдағы жылдың 24 қарашасында "Демеу" балалық шақ мәселелерін үйлестіру орталығы» ЖКЕМ қарамағындағы «Күн сәулелі» балалар концерттік бағдарламаларымен мектебіміздің қонағы болды.
Бағдарлама барысында өнерлі Таня, Юля, Карина, Асия, Эллинна есімді қонақтарымыз біздің мектеп оқушыларын өздерінің өнерлерімен тәнті етті. Олар көрермендерге әсерлі көңіл-күй сыйлады. Әсем әуенге толы ерекше кешті тамашалаған оқушыларымыз өздерінің алғыстарын мектебіміздің «Назерке» клубының қолдан жасалған қолөнер бұйымдарын келген қонақтарымызға тарту етті. Шара соңында мектебіміздің директоры Сауле Нұрғалиқызы өнерлі өрендерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
https://www.instagram.com/p/ClWCC7ct2P6/
Комментариев нет
Просмотров: 133